АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Abstract
АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Full text
480 АБАЙ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ПЕРТАЕВА ЭЛЬМИРА КУЛИБАЕВНА1 Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің профессордың ассистенті, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. САРЖАЕВ ОЛЖАС ТІЛЕБАЛДЫҰЛЫ2 Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің сеньор-лекторы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. ҚҰРМАНБЕКОВА АҚМАРАЛ ТІРІБОСЫНҚЫЗЫ3 Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ассистенті, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. АҢДАТПА. Бұл мақалада Абай Құнанбайұлының ұлттық тәрбиеге қатысты көзқарастары қарастырылады. Абайдың шығармаларындағы тәрбие мәселелері – қазақ халқының рухани құндылықтарын сақтау мен дамытуға бағытталған. Ақынның «бес асыл іс» пен «бес дұшпан» туралы ойлары, қара сөздеріндегі тәрбиелік идеялары – қазіргі ұрпақ тәрбиесінде маңызды орын алады. Абай ұлттық тәрбиені адамгершілік, имандылық, еңбек, білім, ар-ұят, әділет секілді қасиеттермен байланыстырған. Оның ұлттық тәрбиеге деген көзқарасы – жастарды ұлтжандылыққа, рухани кемелдікке жетелеудің негізі болып табылады. КІЛТТІ СӨЗДЕР: Ұлттық тәрбие, бес асыл іс, қара сөздер, адамгершілік, имандылық, еңбек, ұлттық құндылықтар, тәрбие, жастар тәрбиесі. АННОТАЦИЯ. В данной статье рассматриваются взгляды Абая Кунанбаева на национальное воспитание. Вопросы воспитания в его творчестве направлены на сохранение и развитие духовных ценностей казахского народа. Мысли поэта о «пяти добродетелях» и «пяти пороках», а также воспитательные идеи в его «Словах назидания» занимают важное место в воспитании подрастающего поколения. Абай связывал национальное воспитание с такими качествами, как нравственность, духовность, труд, знание, совесть, честь и справедливость. Его взгляд на воспитание является основой для формирования патриотизма и духовного совершенствования молодежи. КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: Национальное воспитание, пять благородных качеств, слова назидания, нравственность, духовность, труд, национальные ценности, воспитание, воспитание молодежи.
481 ABSTRACT. This article explores Abai Kunanbaiuly’s views on national upbringing. The issues of education and moral development in his works are aimed at preserving and promoting the spiritual values of the Kazakh people. The poet's reflections on the "five virtues" and "five vices," as well as the educational ideas expressed in his "Words of Edification," play an important role in the upbringing of the modern generation. Abai associated national education with qualities such as morality, spirituality, hard work, knowledge, conscience, honor, and justice. His perspective on national upbringing serves as a foundation for fostering patriotism and spiritual maturity among young people. Keywords: National upbringing, five noble qualities, words of Edification, morality, spirituality, labor, national values, education, youth education. Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлы – ұлттық тәрбиенің рухани негізін қалаушылардың бірі. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі ой-толғамдары – адамзат баласын жақсылыққа, әділетке, білім мен еңбекке үндейтін терең философиялық-педагогикалық мұра. Ол қазақ халқының мінез-құлқын, өмір салтын, рухани кемелденуін ұлттық тәрбие арқылы дамытуды мақсат етті. Абай үшін тәрбие – ең алдымен адам болу, яғни ар-ұят, намыс, ұждан, әділет, мейірім сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» – дей келе, жақсы тәрбие адам бойында тек табиғи жолмен емес, тәрбиелеу арқылы дамитынын атап өтеді. Абай ұлттық тәрбиенің негізін халықтың тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы деп білді. Ол өз заманының кемшіліктерін сынай отырып, қазақ халқының жақсы қасиеттерін жоғалтпауға шақырды. Ел ішіндегі әділетсіздік, жалқаулық, өсек, надандық, рушылдық сияқты кемшіліктерді қатты сынады. Тәрбиенің мақсаты – осы теріс әдеттерден ұлтты тазарту, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Абайдың тәрбие туралы ойлары ұлттық болмысқа терең бойлаған. Оның көзқарасы бойынша, нағыз тәрбие адамның бойындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудан басталады. Ол ұлт болашағын тәрбиелі, білімді, әділетті, адал ұрпақ тәрбиелеу арқылы көрді. Абайдың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» – деген ұлағатты өлеңі – тәрбиелік мәні өте терең, мазмұны бай, адамгершілікке үндейтін шығарма. Абай: Асық болар бес нәрсе бар: Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым – ойлап қой, Бес асыл іс – көнсеңіз.
482 Бес дұшпанын білсеңіз: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – [1] Бұл өлең – жас ұрпаққа бағытталған ақыл-өсиет, қазақ педагогикасының алтын қазығы деуге болады. Бұл – әр қазақ баласының бойында болуы тиіс ірі құндылықтар. Бұл қасиеттер тәрбиенің түп негізі – ұлттық рухта жатыр дегенді білдіреді. Бұл өлең – жастарды жақсылыққа, адамгершілікке, адал еңбекке, парасаттылыққа тәрбиелеуге арналған өнегелі ақыл. Абай әр адамның бойында тәрбиеленуге тиісті бес жақсы қасиет пен бес жаман қасиетті салыстырып, олардан қорытынды шығаруға шақырады. Абай бұл өлеңі арқылы: Жастарға бағыт береді: қандай қасиеттерді бойға сіңіріп, қандай мінездерден аулақ болу керектігін көрсетеді. Адам болмысына үңіледі: рухани кемелдену – адамның ішкі дүниесін тазартып, қоғамға пайда әкеледі деген ой айтады. Қазақы ұлттық тәрбиені негіз етеді: бұл өлең – ата-баба өнегесін, дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жаңа буынға үлгі болар жол сілтейді. Абайдың «Бес нәрсеге асық бол» өлеңі – тек көркем шығарма емес, рухани-адамгершілік кодекс, тәрбиенің темірқазығы. Ол кез келген жастағы адамға өмір жолында бағдар бола алады. Бүгінгі таңда бұл шығарманың мәні артпаса, кеміген жоқ: қазіргі қоғамда да адам бойындағы осы бес асыл қасиет пен бес дұшпан айқын көрініп тұрады. «Абайдың қара сөздері – ұлттық тәрбие көзі. Абай ұлттық сана мен тәрбиені бөліп қарамайды. Оның шығармаларында қазақ халқының болмысы, салт-дәстүрі, тіл мен дін, имандылық, намыс пен ар секілді ұғымдар басты орын алады. Ол ел ішіндегі жалқаулық, күншілдік, надандықты сынай отырып, қазақты «орысқа табынуға емес, өз-өзіңді тәрбиелеуге» шақырды» [2]. Абайдың қара сөздері – тәрбие жайлы толғаныстардың нағыз энциклопедиясы. Мәселен, 7-сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады...» деп, адамның тәрбиелену жолдарын сипаттайды. Абай бұл сөзінде адам баласының мінезі мен әрекеттері жаратылысынан (табиғаты) емес, тәрбиенің нәтижесі екенін айтады. Яғни, адам бойындағы жақсы да, жаман да қасиеттер кейінгі орта мен тәрбиенің әсерінен қалыптасады дейді. «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – білсем екен демеклік...». Бұл тұжырым адам бойындағы нәпсі мен ақылдың күресін сипаттайды. Ал осы екі бастаманы тәрбие дұрыс жолға сала алса, адам толық адам болып қалыптасады.
483 Абай баланың болмысын қалыптастыруда ең бастысы – тәрбие мен орта екенін анық көрсетеді. Яғни, жақсы мінез, адамгершілік, имандылық, еңбекқорлық тәрбие арқылы қалыптасады. Абай «білсем екен» деу – баланың тума қабілеті дейді. Бұл – ұлт болашағы үшін өте құнды ой. Егер бала осы қызығушылығын дамытып, дұрыс бағыт алса, елге пайдалы азаматқа айналады. Ұлттық тәрбие де баланы ғылымға, өнерге, өнеге мен елге қызмет етуге үндейді. Абайдың ойынша, қанағатсыздық – нәпсінің белгісі. Абай адам бойындағы тоқтамсыз құмарлықты (нәпсіні) сынайды. Шектен тыс ішіп-жеу, ұйқыға салыну – адамның азуына, тәрбиесіздігіне әкелетінін айтады. Бұл – қазақы тәрбиедегі ұят, сабыр, қанағат секілді ұғымдардың маңызын еске салады. Абайдың Жетінші қара сөзі – рухани-адамгершілік тәрбиенің теориялық негізі. Бұл шығармада ұлы ойшыл адамның адам болып қалыптасуы үшін тәрбие мен ортаның шешуші рөлін баса көрсетеді. Сонымен қатар, ол қазақы дүниетанымдағы имандылық, сабырлылық, еңбекқорлық, білімге құштарлық сияқты ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәнін ұсынады. Ал, ақынның 19-сөзінде: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез, ар деген нәрселермен озады, одан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі – ақымақтық», – дейді. Яғни, адамды биік ететін – ақыл, білім, ар-ұят, жақсы мінез. Ал байлық, шен-шекпен, әулет – адамдықтың өлшемі емес. Абай Құнанбайұлының Он тоғызыншы (19) қара сөзі – адам тәрбиесі мен жетілуінің басты тетіктерін нақтылайтын, ұлттық тәрбиеге терең мән беретін философиялық еңбек. Бұл қара сөз – әсіресе жас ұрпақты кемел тұлға ретінде тәрбиелеудің жолын көрсететін аса құнды рухани мұрамнан артық болуының себептерін сипаттайды. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Тәрбиенің басты мақсаты – толық адам тәрбиелеу. Абай бұл қарасөзінде ұлт тәрбиесі тек ережелер мен салттарға емес, рухани кемелденуге, толық адам қалыптастыруға негізделуі тиіс екенін көрсетеді. Яғни, тәрбиенің нәтижесі – парасатты, білімді, арлы азамат болуы тиіс. Абай «ар» ұғымын адамның рухының өзегі ретінде тәрбиеленуі керек ең негізі нысан етіп көрсетеді. Ар-ұят – қазақы тәрбие жүйесінде де өте биік тұғырда. Ата-бабаларымыз: «Ұят болады», «Арыңды таза сақта», «Арсыз болсаң, елге сөз боласың» – деп, ұрпақ бойына ар мен намысты сіңірген [3]. Абай мінез туралы айта келе, оны тәрбие арқылы қалыптастыру керектігін меңзейді. Жақсы мінез – ұлтқа қызмет ететін, елдің іргесін нығайтатын адам қасиеті. Мінез – адамның қоғаммен, отбасымен, халқымен қарым-қатынасының көрінісі. Абайдың 19-қара сөзі – қазақ халқының рухани-адамгершілік тәрбиесінің мәнін ашып көрсететін үлгілік философиялық еңбек.
484 Сонымен қатар Абай 37-сөзінде: «Кімде-кім жақсы, жаман қылықты білсе, соны айыра алса – сол адам бола алады» – дейді. Абай бұл жерде өзін тану, өзін тәрбиелеу туралы сөз қозғайды: Жақсы мен жаманды ой елегінен өткізіп, жақсысын үлгі, жаманын сақтану үлгісі ету – тұлғаның кемелдену жолы. Бұл – ұлттық тәрбиеде тәрбие отбасынан басталады, бірақ кемелдік – адамның өз қолында деген ұстаныммен сәйкес келеді. Абай шығармаларында имандылық пен адамгершілік тәрбиесі әсіресе, иман, адалдық, әділет, махаббат ұғымдары ерекше орын алады. «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті» – [1] деген жолдарында имандылық пен махаббатты ұлттық тәрбиенің негізі етіп ұсынады. Абай Құнанбайұлының ұлттық тәрбие жайлы ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білім мен тәрбие – ұлттың болашағы екенін терең түсінген Абай қазақ баласын рухани, адамгершілік жағынан кемелденуге шақырды. Оның идеялары – бүгінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде қолдануға лайық алтын қазына. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра, 2010. – 245б. 2. Сағындықұлы Б. Тәрбие тағылымы. – Алматы: Рауан, 1994. –155б. 3. Абай Құнанбайұлы. Қара сөздер. – Алматы: Жазушы, 2005. –321б. 4. Исакулова, Н. (2024). Историческое происхождение педагогических концепций. in Library, 1(1), 100–105. извлечено от https://inlibrary.uz/index.php/archive/article/view/34867 5. N.J. Isakulova DARSLAR TIPOLOGIYASI VA O`ZIGA XOS XUSUSIYATLARI // Inter education & global study. 2024. №4 (1). URL: https://cyberleninka.ru/article/n/darslar-tipologiyasi-va-o-ziga-xos-xususiyatlari (дата обращения: 30.10.2025). 6. JANIKULOVNA I. N. Methodology of teaching customs terms in english using study projects. – 2024. 7. Subermaniam L. et al. A Systematic Review of Sustainability Management in Small and Medium Enterprises to Improve Sustainable Development Goals //Acta Innovations. – 2025. – С. 38-48. 8. Исакулова Н. Божхона соҳасига оид терминларни ўқитишда тадқиқот лойиҳалардан фойдаланиш //in Library. – 2024. – Т. 2. – №. 2. – С. 11-19.