243 ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ТҰТҚЫНДАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ Сенгирбаева Зауре Жаксибековна, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «8D01601-Тарих» 3-курс докторанты, Түркістан қаласы, Қазақстан.
[email protected] Аннотация. Мақалада Орталық Азиядағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тұтқынға түскен әскерлердің тарихына қатысты деректер талданған. Зерттеу барысында неміс, жапон және басқа ұлт өкілдерінен құралған тұтқындардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тигізген ықпалы, олардың еңбектері, өмірі мен тағдырлары туралы қолда бар тарихи дереккөздер (архивтік материалдар, мемуарлар, мекемелік құжаттар) сарапталады. Мақаланың негізгі мақсаты – осы тарихи кезеңді зерделеу арқылы алынған білімді қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және енгізу. Тұтқындардың тарихын оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды (интерактивті әдістер, мультимедиалық құралдар, сыни ойлауға бағытталған тапсырмалар) пайдаланудың тиімді жолдары қарастырылады. Бұл зерттеу тарихи сананы қалыптастыруға, өткен кезең сабақтарын ұғынуға және жастарды толеранттылыққа тәрбиелеуге ықпал етеді. Кілт сөздер: тұтқындар, тарих, Орта Азия, деректер, инновация. Annotation: This article analyzes data related to the history of military prisoners of the Second World War in Central Asia. The study examines available historical sources (archival materials, memoirs, institutional documents) concerning the impact of German, Japanese, and other nationalities’ prisoners of war on the socio-economic life of the region, their labor, lives, and destinies. The main objective of the article is to develop and implement innovative methodologies for teaching this historical period within the modern educational system, based on the knowledge gained from this research. Effective ways of utilizing contemporary pedagogical technologies (interactive methods, multimedia tools, critical thinking-oriented tasks) in teaching the history of prisoners of war are considered. This research contributes to the formation of historical consciousness, understanding the lessons of the past, and fostering tolerance among young people. Keywords: prisoners of war, history, Central Asia, data, innovation. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге себепкер болған. Соғыс салдарынан миллиондаған әскери тұтқындар әртүрлі аймақтарға, соның ішінде Орталық Азияға жіберілді. Бұл тұтқындардың өмірі, олардың Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізген ықпалы, сондай-ақ олар туралы тарихи деректерді зерттеу және бұл тақырыпты қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық әдістермен оқыту – өзекті ғылыми-педагогикалық міндет болып табылады.
244 Орталық Азияға, әсіресе Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан аумақтарына соғыс жылдарында және одан кейін неміс, жапон, венгр, румын, итальян және басқа ұлт өкілдерінен құралған әскери тұтқындар жіберілді. Олардың саны жүз мыңдаған адамға жетті. Олардың негізгі қоныстану аймақтары Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстанның кейбір облыстары болды. Соғысқа байланысты майданға кеткен ер азаматтардың орнын толтыруда тұтқындардың еңбегі маңызды рөл атқарды. Олар әсіресе, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыстарды атқарды. Соғысқа байланысты майданға кеткен ер азаматтардың орнын толтыруда тұтқындардың еңбегі маңызды рөл атқарды. Тұтқындар негізінен ауыр еңбекке – құрылыс (жолдар, гидроэлектр станциялары, өнеркәсіп орындары), ауыл шаруашылығы, шахта жұмыстарына жұмылдырылды. Әскери тұтқындардың еңбегі соғыс жылдарындағы жұмыс күші тапшылығын өтеуге бағытталған. Бұл еңбек көбінесе ауыр және қауіпті жағдайларда жүргізілді. Тұтқындардың тұрмыс жағдайы, тамақтануы, медициналық қамтамасыз етілуі көп жағдайда қиын болды. Дегенмен, кейбір жерлерде жергілікті билік пен халықтың қамқорлығымен жағдайлары жақсарған кездері де кездеседі. Тұтқындардың жергілікті халықпен өзара қарым-қатынасы, олардың мәдениеті, тілі, кейбір жағдайларда тұрмыс-салтына тигізген ықпалы да зерттеуге тұрарлық. Кейбір тұтқындар соғыстан кейін де Орталық Азияда қалып қоюға немесе басқа аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды, бұл жергілікті халықтың құрамында белгілі бір өзгерістер тудырды. Сонымен қатар, тұтқындарды ұстау, оларға азықтүлік, киім-кешек беру мемлекет үшін қосымша қаржылық шығын болды. Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Өзбекстан архивтерінде бұл тұтқындарға қатысты мол құжаттар сақталған. Олар сол кезеңдегі идеология, басқару жүйесі, халықтың тұрмысы туралы құнды ақпарат береді. Бұл күрделі тарихи кезеңді оқытуда дәстүрлі әдістер жеткіліксіз. Инновациялық тәсілдер тарихи сананы қалыптастыруға, білімалушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс. Инновациялық оқытудың мақсаты – білім алушылардың қызығушылығын арттыру, білімді терең меңгеруге көмектесу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. Сондықтан да білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, сыни ойлауын дамытуға және тақырыптың өзектілігін арттыруға бағытталған мынадай инновациялық әдістермен байланыстыра оқыту қажеттілігі бар. Деректермен жұмыс: Білімалушыларды архивтік құжаттармен, фотосуреттермен, мемуарлармен тікелей жұмыс істеуге үйрету. Бұл тарихи фактілерге деген көзқарасты тереңдетуге көмектеседі. (Мысалы, тұтқындардың өмірі туралы деректерді іздеу, лагерьлердің картасын жасау, тұтқынның хатын талдау). Интерактивті технологиялар: Мультимедиалық презентациялар, виртуалды экскурсиялар, онлайн-дерекқорлар арқылы тақырыпты қызықты әрі түсінікті ету. Тұтқындар лагерьлерінің орнын виртуалды түрде көрсету, мұрағаттық фотосуреттер мен құжаттарды онлайн режимде ұсыну.
245 «Жасыл» тарихнама: Тұтқындардың жағдайын тек идеологиялық тұрғыдан емес, адамгершілік, құқықтық аспектілерінен қарастыру, олардың адамдық тағдырларына назар аудару. Сыни ойлауды дамыту: Тұтқындар тарихына қатысты әртүрлі деректер мен пікірлерді салыстыра отырып, білімалушыларды өз қорытындыларына келуге ынталандыру. (Мысалы: «Бұл оқиғаның басқа қыры бар ма?», «Деректерде қандай фактілер жетіспейді?», «Бұл оқиға бізге не үйретеді?» деген сияқты сұрақтар арқылы білімалушылардың ойлау қабілетін дамыту). Жобалық жұмыстар: Білімалушыларды белгілі бір тұтқынның тарихын, тұтқындар лагерінің тіршілігін зерттеп, презентация жасауға бағыттау. Жоғарыда қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің негізгі мақсаттары: тақырыпты қызықты, тартымды етіп ұсыну; ақпаратқа сыни көзбен қарауға, өз бетінше ой қорытуға үйрету; теориялық білімді іс жүзінде қолдана білуді үйрету; бірлесіп жұмыс істеу, пікір алмасу, бір-біріне көмектесу; заманауи құралдарды оқу процесіне интеграциялау; білімалушылардың шығармашылық, коммуникативтік, көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Қорытынды: Орталық Азиядағы Екінші дүниежүзілік соғыс тұтқындарының тарихын зерттеу – өткен кезеңді тереңірек ұғынуға, соғыстың адамзатқа әкелген зардаптарын түсінуге, сондай-ақ тарихи деректерді талдау мен сыни ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін маңызды тарихи және педагогикалық міндет. Ал бұл тарихты инновациялық оқыту әдістерін қолдану арқылы тақырыпты білімалушылар үшін қызықты әрі мағыналы етуге болады. Пайдаланылған әдебеиттер тізімі: 1. Ким С.П. Японские военнопленные на территории советского союза (1945-1956 гг.) Автореферат Москва – 2016. – 97 С. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты, Фонд 5, опись 1, іс 1383 3. Петрова Е.В. Цифровая дидактика: проектирование процесса обучения и его сопровождение // Современное педагогическое образование. – 2018. – № 4. – С. 337 4. Японские военнопленные в Карагандинской области / ред. О. Н. Дулатбеков. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2011. – 232С.